NEWS

⚠️💧🦠Safety precautions during floods / Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік шаралары/ Меры предосторожности при паводках и наводнениях

Dear NU Community,


As a result of the flood situation currently observed in Kazakhstan and other regions, the relevance of health safety becomes especially important. Population movements and potential risks of infection create a need for notification and appropriate safety precautions.

The first reason why any emergency situation leads to health risks and spread of infections is population displacement: people have nothing to wash their hands with, the supply of clean drinking water and food is difficult, and people can sleep in unequipped places in close contact.

When it comes to floods, the danger increases, since the flood water itself can contain various floating objects, chemicals, various types of waste, and, of course, infections. The main source of risk comes from contamination of underground sources of drinking water, household items and food.

The main threat is intestinal infections, such as rotaviruses, enteroviruses, hepatitis A and E, as well as bacterial agents - typhoid and paratyphoid fever, dysentery. The second group is zoonotic infections, which also include intestinal pathogens such as salmonellosis. The third group is vaccine-preventable diseases, tetanus is particularly dangerous - there is a high risk of penetrating wounds and contact with soil and dirty water, without the ability to treat the wound in a timely manner.

The best way to protect yourself is to stay away from floodwaters. Since this is not always possible, whenever possible, try to follow recommendations:
-wash your hands thoroughly with soap or treat them with an antiseptic;
-do not use floodwater for drinking or cooking;
-rinse fruits and vegetables thoroughly with bottled water;
-before reusing, wash clothes contaminated by floodwater in hot water with detergent;
-to be directly in floodwater, you need equipment: rubber boots, rubber gloves, and safety glasses;
-do not allow children to play in the flooded area and disinfect toys;
-avoid contact with animals (and their corpses), do not touch them with your hands;
-treat wounds in a timely manner;
-in the presence of penetrating puncture wounds, seek emergency tetanus prophylaxis if you have not received a revaccination with the DTaP vaccine within 10 years;
-regarding hepatitis A - vaccination is also possible.

Apart from the safety precautions, we would appeal for your attention to the NU Flood Solidarity Initiative was recently called out in the University - a charity fundraising campaign to send necessary items to the affected regions and people. Please refer to the details in the email from the Managing Council from April 9, 2024.

Please be advised as well that SDSN Youth in cooperation with NU Red Crescent Society initiates the discussion “Let’s talk emergency in Kazakhstan” to take place on April 11 at 14:00 in Block C3, Room 2003.

We wish everyone affected by the flood emergency will recover sooner from the disaster and return to normal life.

Sincerely Yours,

Health and Well-being Department


***


Құрметті Назарбаев Университет қауымдастығы,


Қазіргі уақытта Қазақстанда және басқа аймақтарда байқалған су тасқыны жағдайының нәтижесінде денсаулық сақтау қауіпсіздігінің өзектілігі ерекше маңызды болып отыр. Халықтың тұрғылықты жерлерінен қоныс аударуы және инфекцияны жұқтырудың ықтимал қауіптері тиісті сақтық шараларын хабарлау және оны қолдану қажеттілігін тудырады.

Кез-келген төтенше жағдайдың денсаулыққа және инфекциялардың таралуына қауіп төндіретін бірінші себебі-халықтың қозғалысы: адамдардың қолдарын жууға ештеңе жоқтығы, таза ауыз су мен азық-түлікпен қамтамасыз ету қиындығы, адамдар жабдықталмаған жерлерде бір-біріне жақын арақашықта ұйықтауы.

Су тасқыны кезінде қауіп артады, өйткені тасқын судың өзінде әртүрлі қалқымалы заттар, химиялық заттар, әртүрлі қалдықтар және, әрине, инфекциялар болуы мүмкін. Негізгі қауіп көзі жер асты ауыз су көздерінің, тұрмыстық заттар мен азық-түліктің ластануы болуы мүмкін.

Негізгі қауіп - ротавирустар, энтеровирустар, А және Е гепатиттері сияқты ішек инфекциялары, сондай-ақ бактериялық агенттер-іш сүзегі мен паратифтер, дизентерия. Екінші топ - зоонозды инфекциялар, олардың арасында сальмонеллез сияқты ішек қоздырғыштары да бар. Үшінші топ - вакцина арқылы алдын алуға болатын аурулар, сіреспе әсіресе қауіпті - жараларды дер кезінде емдеу мүмкіндігінсіз жараларға еніп, топырақпен және лас сумен жанасу қаупі жоғары.

Өзіңізді қорғаудың ең жақсы жолы-тасқын сулардан аулақ болу. Бұл әрдайым мүмкін емес болғандықтан, мүмкіндігінше осы ұсыныстарды орындауға тырысыңыз:
- қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз немесе антисептик қолданыңыз;
- ауыз су мен тамақ дайындау үшін тасқын суды пайдаланбаңыз;
- жемістер мен көкөністерді бөтелкедегі сумен жақсылап шайыңыз;
- киім-кешектерді қайта қолданар алдында, оны ыстық сумен және жуғыш затпен жуыңыз;
- тасқын суда тікелей болу үшін жабдықтар қажет: резеңке етік, резеңке қолғап және қорғаныс көзілдірігі;
- балаларға су тасқыны аймағында ойнауға рұқсат бермеңіз, және ойыншықтарды дезинфекциядан өткізіңіз;
- жануарлармен (және олардың мәйіттерімен) байланыста болудан аулақ болыңыз, оларды қолыңызбен ұстамаңыз;
- жараларды уақтылы емдеңіз;
- ашық жарақаттар болған жағдайда, егер сіз 10 жыл ішінде АДС-М вакцинасымен ревакцинация алмаған болсаңыз, шұғыл түрде сіреспеге қарсы профилактикаға жүгініңіз;
- А гепатитіне қатысты-вакцинация алу мүмкіндігі де бар.

Сақтық шараларынан басқа, біз сізді университетте жақында жарияланған зардап шеккен аймақтар мен адамдарға қажетті заттарды жіберу үшін қайырымдылық қаражат жинау науқанына назар аударуыңызды сұраймыз. Толық ақпаратты 2024 жылдың 9 сәуіріндегі Басқарушы Кеңестің электрондық поштасынан қараңыз. Сондай-ақ, SDSN Youth НУ Қызыл Жарты Ай қоғамымен бірлесе отырып, 11 сәуірде сағат 14:00-де C3 блогында, 2003-бөлмеде өтетін "Төтенше жағдайларды талқылау" пікірталасын өткізетінін хабарлағымыз келеді.

Біз су тасқыны төтенше жағдайынан зардап шеккендердің барлығына табиғи апаттан тезірек айығып, қалыпты жағдайға оралуын тілейміз.

Ізгі ниетпен,

Денсаулық сақтау және әл-ауқат департаменті


***


Уважаемое сообщество Назарбаев Университета,


В результате ситуации с паводками, наблюдаемой в сейчас в Казахстане и других регионах, актуальность вопросов охраны здоровья становится особенно важной. Перемещение населения и потенциальные риски заражения создают необходимость в оповещении и принятии соответствующих мер предосторожности.

Основной причиной, по которой любая чрезвычайная ситуация, приводит к риску для здоровья и распространению инфекций, является перемещение населения: отсутствие средств для гигиены рук, затруднено снабжение чистой питьевой водой и продуктами питания, и людям приходится спать в необорудованных местах в тесном контакте.

Во время наводнений опасность увеличивается, так как сама паводковая вода может содержать различные плавающие предметы, химикаты, различного вида отходы и, конечно, инфекции. Главным источником риска могут служить загрязнения подземных источников питьевой воды, предметов домашнего обихода и продуктов питания.

Главная угроза - кишечные инфекции, такие как ротавирусы, энтеровирусы, гепатиты А и Е, а также бактериальные агенты - брюшной тиф и паратифы, дизентерия. Вторая группа - зоонозные инфекции, среди которых также есть кишечные патогены, такие как сальмонеллез. Третья группа - вакциноконтролируемые заболевания, но также особую опасность представляет столбняк - высок риск проникающих ран и контактов с почвой и грязной водой, без возможности вовремя обработать рану.

Лучший способ защитить себя – держаться подальше от паводковых вод. Так как это не всегда возможно, по возможности, постарайтесь соблюдать данные рекомендации:
- тщательно мойте руки с мылом или обрабатывайте их антисептиком;
- не используйте паводковую воду для питья и приготовления пищи;
- тщательно промывайте фрукты и овощи бутилированной водой;
- перед повторным использованием постирайте одежду, загрязненную паводковой водой, в горячей воде с моющим средством;
- для нахождения непосредственно в паводковой воде необходима экипировка: резиновые сапоги, резиновые перчатки и защитные очки;
- не разрешайте детям играть в зоне подтопления и продезинфицируйте игрушки;
- избегайте контакта с животными (и их трупами), не трогайте их руками;
- своевременно обрабатывайте раны;
- при наличии колотых проникающих ран обратитесь за экстренной противостолбнячной профилактикой, если в течение 10 лет вы не получали ревакцинацию вакциной АДС-М;
- касательно гепатита А - также возможна вакцинация.

Помимо мер предосторожности, мы хотели бы обратить ваше внимание на недавно объявленную в университете NU Flood Solidarity Initiative - благотворительную кампанию по сбору средств для отправки необходимых продуктов пострадавшим регионам и людям. Пожалуйста, ознакомьтесь с подробностями в электронном письме от Управляющего совета от 9 апреля 2024 года.

Так же хотели бы сообщить о том, что SDSN Youth в сотрудничестве с Обществом Красного Полумесяца NU инициируют дискуссию “Обсудим чрезвычайные ситуации”, которая состоится 11 апреля в 14:00 в блоке C3, комната 2003.

Мы желаем всем, кто пострадал в результате чрезвычайной ситуации с наводнением, быстрее оправиться от стихийного бедствия и вернуться к нормальной жизни.

С уважением,

Департамент здравоохранения и благополучия